Categories: Оқиға

Алматы облысында 72 жастағы шал оқушы қызды зорлаған

Алматы облысында зейнеткер 12 жастағы қызды зорлаған. Жаға ұстатар жайт  Ұйғыр ауданының орталығы Шоншы ауылында болған.

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. 72 жастағы қария уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Қыз ауылдағы № 5 мектептің алтыншы сыныбында оқиды. Білім ошағының директоры Лейла Таипованың айтуынша, баланың мінез-құлқындағы келеңсіздікті бірінші болып тәрбие ісі жөніндегі жетекші Ділбар Абудуллаева байқаған. 14 сәуірде мұғалім қыздың белгісіз ер адаммен сөйлесіп тұрғанын байқаған. Қария мектеп оқушысының қолын ұстаған, Абудуллаева ескерту жасаған соң оқушы асығыс мектепке қарай жүгірген, ал қария велосипедке мініп кетіп қалған.

Кешкі астан кейін директордың орынбасары екі психологтың қатысуымен оқушы қызбен сөйлескен. Баладан бұл қарттың кім екенін және олар не туралы сөйлесетінін сұрады. Алғашында атасының досы деп жауап берген қыз артынша жылап жіберген.

Баланың айтуынша, қарт адам оған алғашында жақсы адам боп көрінген, тіпті ақша да берген екен – кейде 200, кейде 500 теңге.

Алғашқы зорлау оқиғасы 12 сәуірде болғаны хабарланды. Таипованың айтуынша, 73 жастағы ер адам қызды үйіне шақырып, шалбарын шешіп, жыныстық қатынасқа түскен. Сосын үйіне апарып, ешкімге ештеңе айтпауды бұйырған. Бұл оқиға туралы баланың сөзінен белгілі болды.

Келесі күні мектеп оқушысы айтқандай, зейнеткер оны тағы да зорлаған. Қыз бала ұрыс естіп қаламын деп қорқып, бұл туралы психологтарға айтуға батылы жетпегенін мойындады.

Барлығын білген соң мектеп әкімшілігі полиция шақырған. Сараптама қыздығының бұзылуын растады. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмағанды ​​зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Зейнеткердің қызы аудандық ішкі істер департаментінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондықтан объективті тергеу үшін іс Алматы облысының полиция департаментіне жіберіледі. Күдіктінің ұлы ауыл мәселелерін көтеріп жүрген жергілікті белсенді. Ер адам әкесіне жалған жала жабылғанын және сол арқылы оның белсенділігі үшін кек алатынына сенімді. Күдіктінің туыстары жасы ұлғайған адамның мұндай қылмысқа баруы мүмкін екеніне сене алмайды. Зейнеткердің әйелі Алматыдағы ауруханада жатыр.

Сондай-ақ жәбірленген алтыншы сынып оқушысы әжесінің тәрбиесінде екен. Мектеп директоры оның мінез-құлқын жақсы деп бағалайды. Сабақтан қалмайды, жақсы оқиды. Мектеп психологының айтуынша, қыз басынан өткен оқиғаны толық түсініп тұрған жоқ. Зардап шеккен тарап тегін адвокатпен қамтамасыз етілді, баламен психологтар күн сайын жұмыс істейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago