Алматы облысында қатты дауылдан 19 жастағы сарбаз көз жұмды

Қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан жауынгерлер орналасқан шатыр қалашығы бүлінген.

2022 жылғы 9 тамызда сағат 20:55 шамасында қатты дауыл көтерілген. Жел шатырларды бұза бастаған соң әскерилер эвакуацияланды. Қатардағы А.Н. Шахимов басқаларға көмектесіп жүріп шатырдан соңғы болып шыққан кезде, шатырдың темір жақтауы басына тиіп жарақат алған

деп хабарлады ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Көрсетілген алғашқы медициналық көмекке қарамастан, сарбаз ауруханада көз жұмды.

Қатардағы А.Н. Шахимов өзінің жанқиярлық әрекетімен жолдастарын құтқарып, өкінішке қарай өзі қатты соққыдан қаза болды

делінген хабарламада.

Шахимов 2003 жылы туған. Ұлттық ұлан қатарында 2022 жылдың көктемінде Көкшетауға шақырылған. Қызметтік тексеріс тағайындалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago