Categories: Оқиға

Алматы облысында бір отбасының бес адамы уланып көз жұмды

Алматы облысында белгісіз заттан уланып, тұтас бір отбасы көз жұмды. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

4 мамырда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адамның (екі ересек және төрт бала) уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соның салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт баласы (2010 жылы туған қызы мен 2008, 2013, 2018 ж.т. ұлдары) қайтыс болды,

делінген ТЖД хабарламасында.

Шамалған ауылындағы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына 1985 жылы туған әйел (анасы) жатқызылды. Оның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Алдын ала себеп – белгісіз заттан улану. Мән-жайды анықтау үшін шақыру орнына Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өртке қарсы зертханасы, газ қызметі және СЭС жіберілді,

деп толықтырды ведомстводан.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago