Categories: Оқиға

Алматы облысында әкімдік қызметкері мерекелік іс-шара үстінде қайтыс болды

Ауылшаруашылығына арналған бизнес форум мен көрме Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылған. Ауқымды шараны көруге халық Ассы жайлауына жиналған, деп хабарлайды Азаттық рухы.

Жыл сайынғы «Agro-Business Forum Assy-2023» дәстүрлі форумы қарсаңында бәйге, көкпар,  қазақша күрес сынды жарыстар да ұйымдастырылды. Іс-шараның соңына қарай ер адам есін жоғалтып құлады. Әкімдіктің қызметкері сол күйі ес жимастан қайтыс болып кетті.

Алматы облысы әкімдігінің ақпаратынша, қайтыс болған жігіт Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істеген.

Бірақ мерекеге ол демалушы ретінде жеке барды. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетуге уәде берілді,

деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шындығында, әкімдік қызметкері ас дайындайтын қазан-ошақтың басында жүрген. Ауырып құлаған жігітке дер кезінде медициналық көмек көрсетілген жоқ.

Айта кетерлігі, іс-шараны ұйымдастыру мен халықтың қауіпсіздігіне Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев жауапты болған. Алайда іс-шара барысында төбелес те, жарақат алу сынды өзге де оқыс оқиғалар көп болды.

Сонымен қатар аламан бәйге барысында бірнеше шабандоз бала аттан құлады. Оларға да сол сәтте көмек көрсететін медициналық қызметкерлер табылмады, дәрігерлер көмекке келмеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago