Categories: Қоғам

Алматы облысында оқушы өлімі неге көбейді

Соңғы уақытта Алматы облысында оқушылардың өз-өзіне  қол жұмсауы жиілеп тұр. Полиция департаментінің мәліметінше,  2023 жыл басталғалы өңірде 9 оқушы өзіне қол салған. Екеуі Талғар ауданында болса, Жамбыл мен Іле, Кеген ауданында бір-бірден, Қарасай ауданында төрт оқиға  тіркеліпті. Күні кеше ғана Кеген ауданы Саты ауылында жан ауыртарлық жағдай болды: бір сыныптың екі бірдей оқушысы көз жұмды.  Бірі суицид жасаса, екіншісінің өлімінің  себебі анықталып жатыр. Сонымен қатар, құтқарушылар осындай «қорқынышты» әрекетке бармақ болған үш оқушыны  аман алып қалған. Бұл оқиғалар Ұйғыр, Талғар, Балқаш аудандарында тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қорқынышты статистика

Өкінішке қарай, Орталық Азия елдері ішінен Қазақстан суицид бойынша көш бастап тұр. Ресми статистикаға сүйенсек,  2022 жылдың қаңтар-шілде айында  елімізде 2200 адам суицид жасаған болса, оның 79-ы – жасөспірімдер көрінеді.

Мамандардың пікіріне сүйенсек,  ешбір бала жайдан-жай мұндай әрекетке  бармайды. Қиындықтан  шығатын жол таппағанда, ешкім көмектесе алмайтынын сезінген сәтте өзіне осылай қиянат жасауы мүмкін.  Мұның  себептері  өте көп. Бұған әлеуметтік жағдай, достар арасындағы түсініспеушілік, ата-ана арасындағы кикілжің, тәрбиенің осалдығы әсер етіп жатады. Бала шешім шығара алмаған кезде, «мен кетсем барлық проблема шешіледі» деген теріс, жаңсақ ойға бой алдырады.

Директор не істеп жүр?

Ал «мектеп басшылары, олардың орынбасарлары, педагог-психологтардың басын қосып, арнайы семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілуде» деген білім бөлімінің жауапты өкілі аталған жұмыс барысына аудандық прокуратура және ювеналдық полиция қызметкерлері де жұмылғанын тілге тиек етті.

Білім саласы өкілдерінің сөзіне сүйенсек, суицид тақырыбын мүлдем қозғамай алыстан айналып, тіпті сондай жағдай болғанның өзінде жарияламаған жөн. Тек құзырлы органдар жүргізген тергеудің қорытындысын күтіп, сол арқылы нені ескеру керектігін назарға алып, жүйелі жұмыстарды жандандыра түсу керек. Себебі, оның  атын атаған сайын көбейе беретінін психолог мамандар дәлелдеген-мыс.

Керісінше, БАҚ өкілдері көпшілікті сақтандыру, ата-аналарға дабыл қағып, балаларына көбірек назар аударуды насихаттап, осындай «қауіпті»  ойдың жиегінде жүрген жасөспірім болса, райынан қайтару секілді жұмыстарды атқару қажет деген ойда.

Жоғарыда келтірілген статистика бойынша, екі оқиға бір мектепте тіркеліп отыр. Ол – Әйтей ауылындағы Қосынов орта мектебі. Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушыға біз осы сауалды кесе-көлденең тарттық. Яғни, кешенді жұмыстар жүргізіліп жатса, екінші оқиға не себепті орын алды деп сұрадық.

Мектеп – балаға оқу-тәрбие жұмысын беруші орган. Жалпы жасөспірімдер арасындағы суицид тақырыбы өте терең және оған апаратын факторлар да өте көп. Оның тек білім мекемесіне ғана қатысы болмауы мүмкін. Ол – қоғам, ол – ғаламтор, ол – баланың отбасындағы жағдайы, психологиялық ахуалы…

Жоғарыда аталған факторлардың арасында буллинг те болуы мүмкін. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде еліміздің түкпір-түкпіріндегі әлімжеттіктер туралы  бейнежазбалар тарап жатыр. Ең сорақысы – буллинг тек ұлдар арасында ғана емес, қыздар арасында да кең тарап келеді. Жақында ғана әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының жасөспірім қызды ұрып-соғып жатқан бейнежазбасы тарады.

Білім саласының өкілі осыған орай қазір  оқушылар арасында жасырын сауалнамалар жиі жүргізіліп тұратынын айтты. Болжамды деректер анықталған жағдайда шұғыл шаралар атқарылып, мұндай  келеңсіздіктердің алдын-алуға болады.

Дегенмен, қаңтар айынан бері төрт баланың өз «өмірін» қиюына себеп болған нәрсе не? Олардың арасында ортақ байланыс бар ма, әлде жоқ па?

4 суицид

2023 жылдың 6 қаңтары. Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округінде 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдар тергеу жүргізілуіне байланысты артық ақпарат таратпайтыны белгілі. Дегенмен, біз марқұмның бір сыныптасын әңгіме тартқан едік.

Е есімді бала өте белсенді оқушы болыпты. Тіпті, мектепті «Алтын белгімен» бітіруді армандаған. Арман демекші, «өте көп қиялдайтын» дейді қатарласы. Жеке төлқұжатын алғанда есімін «Ханали» деп өзгерткісі келген. Себебі, азан шақырып қойған аты басқа болған екен, белгілі бір себептер болды ма, туу туралы куәлікке қазіргі аты жазылған. 9 сынып оқушысы химия-биология пәндерін жақсы оқып, хирург болуды, жедел жәрдемде жұмыс істеуді армандаған.  Әлеуметтік жағдайына келсек, ата-анасы ажырасқан. Бұл бала әкесімен және өгей шешесімен тұрған. Әкесі өте момын адам деседі. Бір кіндіктен туған ағасы бар, бірақ ол бөлек тұрады. «Соңғы уақытта ол өте көңілді жүретін» деп еске алған сыныптасы марқұмның діннен де хабары бар болғанын айтып қалды.

Сол күні далаға шығып кеткен баланы артынан іздеп шыққан өгей анасы жаздық «душта» асылып тұрған жерінен тауыпты… 

2023 жылдың 12 қаңтары. Бұл жолы Әйтей ауылы суыт хабардан дүр сілкінді. 2009 жылғы қыз бала да өз-өзіне қол жұмсады.  Ауылдастарының айтуынша, әке-шешесі бұл уақытта жұмыста екен. Үйінде марқұм және артынан ерген екі бауыры болған. Оларды ұйықтатып тастап, қаршадай қыз осы «қорқынышты» әрекетке барған. «Күндей күліп, өз ортасында көңілді жүретін сыныптастарының жарқын бейнесін ұмыта алмаймыз» деп қатарластары да өз таңданыстарын ватсап статустары мен инстаграмдағы историяларында бөлісіп жатты. Көп ұзамай, әлеуметтік желіде бір ер адамның дауыстық хабарламасы тарады. Ол хабарламада еңіреп жылаған әке басқа ата-аналарға балаларының телефондарын мұқият қарауды сұрайды. Көпшілік оны марқұм қыздың әкесі екен десіп жатты.

«13 жасар қызымды жоғалттым. Әйелім екеуіміз жұмыстан келіп, қызымызды осындай күйде тауып алдық. Осыған орай сіздерге балаларыңыздың телефонын тексеріңіздер дегім келеді. Тым құрығанда, басқа балалар жақсы өмір сүрсе екен! Мен әрі қарай қалай өмір сүрерімді білмеймін… Қазір тик-токта бір ойын пайда болыпты. Тамырын кескізеді екен, сосын дарға сүйрейді… Бірақ қызым телефонын түгел өшіріп кеткен…» – делінген хабарламада. Дегенмен, тергеу жұмыстарының әлі аяқталмауына байланысты бұл ақпаратты заң өкілдері растаған жоқ.

2023 жылдың 22 наурызы. Тағы да осы Әйтей ауылында болған оқыс оқиға. 16 жастағы ер бала мына жарық дүниемен қош айтысты.

Бұл жолы біз аталған мектепке арнайы барып, директордың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарларын әңгімеге тарттық.

Мектеп өкілдері жыл басында болған және осы жағдайдың да төбеден жай түскендей әсер қалдырғанын жасырмайды. Әсіресе, бұл бала өте жан-жақты, белсенді, ұқыпты, мұғалімдердің сүйікті оқушысы болғанын айтады. Өзі бір жыл бұрын Жетісу облысынан отбасымен қоныс аударып келген. Бірақ ортаға тез сіңіп, қатарластарымен оңай тіл табысып кетіпті.  Өзінің туған әке-шешесімен тұратын. Дәл Наурыз күні марқұмның бұл жағдайға бару себебі мектеп әкімшілігі үшін жұмбақ. Себеп-салдарын тергеу-амалдары анықтайды деп күтіп отыр…

2023 жылдың 29 наурызы. Қарасай аудандық полиция басқармасына Тұрар ауылында 2007 жылғы жасөспірімнің өзіне қол салғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бізге жеткен ақпарат бойынша, бала әкесімен, ағасымен және әжесімен тұрған. Ата-анасы 2021 жылы ресми түрде ажырасқан. Байсалбаев мектебінің 10-сынып оқушысы сол күні сағат 14.00-де сабақтан келген. Әжесінің айтуынша, үйде екеуі ғана болған және бала тамақ ішіп алып ұйықтап қалған. Сағат 17.00 шамасында әжесі далаға шығып, үнемі жабық тұратын сарай есігінің ашылып қалғанын байқайды. Жақындап барғанда… Көзбен көрген оқиғасын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді… Шошығаннан көршісін шақырып, арқанды шешіп қараса, дене суып кеткен… Сынып жетекшісі ол туралы тек жақсы мінездеме айтқан және сол күні бала өте жақсы көңіл-күйде жүргенін жеткізген. Қазір тергеу амалдары жүруде.

Елімізде психологиялық ауыр жағдайда жүрген жасөспірімдерге жәрдемдесе алатын Ұлттық сенім телефоны бар екенін еске салғымыз келеді. Яғни, кез келген қиын жағдайға тап болған, өзін ешкімге керексіз сезінген, буллингке ұшыраған, жалпы кімнен көмек күтерін білмеген балалар 150 нөміріне қоңырау шалып көмек ала алады.  Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы балалар мен жастарға тәулік бойы тегін онлайн-консультациялар жасайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

23 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

24 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

24 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

24 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago