Оқиға

Алматы облысында оқушы өз-өзіне қол салмақ болды — министрлік түсініктеме берді

2023 жылғы 11 қыркүйекте Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Оқу-ағарту министрлігі Zakon.kz сайтына бұл жағдай бойынша жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

Ведомство жағдай Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауында екенін нақтылады.

Осы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен Алматы облысының білім басқармасының басшылығы шұғыл түрде бала оқитын мектепке аттанды,

деді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған қоса министрліктің баспасөз қызметі бір күн бұрын балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында балалар зорлық-зомбылығы мен суицидтің тиімді алдын алуға бағытталған Кешенді жоспар қабылданғанын атап өтті.

Осыдан бір күн бұрын, 11 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында оқушы бала артына хат жазып қалдырып, көп аспирин түйірін ішіп, төсекке жатып қалған. Ауыр халдегі баласының үстінен түскен анасы бірден жедел жәрдем шақырған.

Полицейлер қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерделеу үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago