Categories: Оқиға

Алматы облысында оқушылардың төбелесі өліммен аяқталды

Алматы облысындағы Бәйдібек би (бұрынғы Маловодное) ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болып, соңы өліммен аяқталды. 17 жастағы жігітті атып кеткен күдіктілер ұсталды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 5 тамызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек Би ауылында түнде оқушылар арасында төбелес болды. Сол кезде мылтықтан оқ атылды. Бір үйдің ауласында 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Денесінде оқ жарақаты болды.

Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды,

дейді полицейлер.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 293 – бабы (Бұзақылық) бойынша жауапқа тартылғандар бар. Айта кетері, адам өлтіру бабы бйоынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago