Categories: Оқиға

Алматы облысында жас қызды ұрлап әкетіп, бірнеше күн бойы қорлап-зорлаған

Алматы облысында 9 қаңтарда үйлену мақсатында жас қызды оның келісімінсіз алып қашып кеткен. Бойжеткен 28 қаңтарда қашып шыққан. Сол күнге дейін таяқжеп, зорланған, қорланған. 29 қаңтарда қыз анасымен бірге полицияға арыз жазады. Алайда сол күйі оған сараптама тағайындалмаған.

Қазақстандық құқық қорғаушы Дина Таңсәрі жас қызды ұрлап әкетіп, бірнеше күн қорлап-зорлағандардың жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты.

Бұл оқиғада бірнеше қылмыс: адам ұрлау, заңсыз ұстау, зорлау әрекеттері бар. Қыз небәрі 21 жаста. Ол полиция қашан сараптамаға жібереді деп әлі жуынбай күтіп отыр! Бұл нағыз қорлық!

деп жазды қоғам белсендісі Facebook парақшасында.

Аталған жазбаға орай Алматы облысының Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов түсініктеме берді.

Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс туралы арыз Ұйғыр ауданы бойыншасотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу басталды. Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданы тергеушісінің ұйғарымының негізінде Талғар аудандық ПБ жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр,

деді Бауыржан Әленов.

Ол тергеу барысын өз бақылауына алғанын баса айтты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago