Categories: Қоғам

Алматы облысында жастарға арналған ипотекалық бағдарлама басталады

Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа тұрғын үй бағдарламасын бастады. Жоба 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ өтініш берушінің Алматы облысында кемінде бір жылдық мерзімі бар тұрақты тіркеуі болуы керек. Тағы бір шарт – бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда аттарына тіркелген жылжымайтын мүлік болмауы тиіс.

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов пен «Отбасы банктің» өңірдегі филиал директоры Ғалымжан Шалғымбаев «Алатау жастары» бағдарламасын бастау туралы келісімге қол қойды.

Алматы облысы осындай бағдарламаларды бізден бұрын іске асырған Алматы, Астана, Қарағанды, Жамбыл және Қостанай облыстарының оңтайлы тәжірибесін үлгі ретінде алды… Бірінші кезеңде облыс әкімдігі жаңа жобаға 600 млн теңге бөліп отыр. Ал Отбасы банк өз кезегінде бұл қаражатқа жеңілдетілген несие беруге көмектеседі. Осындай қолдаудың арқасында облыс тұрғындары биылдың өзінде алғашқы қоныс тойын тойлайтын болады,

деді Ғалымжан Шалғымбаев.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап қабылданады. Өтінімді облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына беру қажет. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдіктен арнайы құрылған комиссия жиналған ұпайлар бойынша іріктеу өткізеді. Оның барысында некеде болған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, мамандығы және қызмет саласы негізге алынады.

Кейін қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Қатысушылар банкте төлем қабілеттілігін бағалатып, өз бетімен баспана табады. Оны сатып алуға банк 10 млн теңге несие береді. Егер мүліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, үміткер айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлейді.

Егер отбасы жаңа тұрғын үй (пайдалануға берілген болуы тиіс) сатып алса, онда алғашқы жарна 0% болады. Егер екінші нарықтан алынған баспана болса (пәтер немесе жеке үй), онда алғашқы жарна 10% құрайтын болады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% тең (ЖТСМ 5,2%). Несиенің максималды мерзімі – 19 жыл.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago