Categories: Оқиға

Алматы облысында өзіне қол жұмсаған сотталушының асқазанынан хат табылған

Алматы облысында 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Әркен Қарасай өзіне-өзі қол салған. Марқұм туған ағасына ақтық демі шығар алдында соңғы хатын жолдап үлгеріпті, — деп хабарлайды «Информбюро» жаңалықтар қызметі. 

Жаңалықтар қызметінің мәліметінше, хатта мұндай ауыр қадамға баруына нақты кімдердің себеп болғанын ашық жазған. Яғни түрме қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, балағаттап, өздеріне жұмыс істеуге мәжбүрлейді екен. Ал марқұм бұл азаптан құтылудың жалғыз жолы өз өмірін құрбан ету деп шешкен. Мекеме басшылығы марқұмның мінезі де, мінездемесі де жақсы болғанын айтқан. 

Әркен Қарасай 2021 жылдан бері ЛА-57 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп келген. Ал 15 ақпанда таңғы 04:00 шамасында ағасына өз-өзіне қол салатынын хабарлапты. Себебі түрмедегі зорлық-зомбылық пен қысымға шыдай алмадым деген. Жазасын өтеп жүрген марқұм 4 қызметкердің атын атапты.

Сараптама жасалып, ақтық хат марқұмның асқазанынан табылған. 

Бүгінде Әркен атаған төрт қызметкерге қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеп жатыр. Олар «Лауазымын асыра пайдалану» дерегі бойынша күдікке ілінген әрі түзеу мекемесінде де ішкі тексеріс басталған.  

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago