Алматыда 24 жастағы қыз автобустың астына түсіп, мерт болды

Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті. Оқиға автобустың соңғы аялдамасы, Жетісу базарына жақын жерде болған. Марқұм Лейла Саттарованың туыстары оқиға куәгерлерін іздейді.

Elitar.kz басылымының мәліметінше, оқиға 14 желтоқсанда болған.

14 желтоқсанда сағат 20.15-те менің әпкем үйге қайтып келе жатқан. Күн қараңғы болған, ешқандай жарық болмаған. Оны 205-ші автобус қағып кеткен. Жүргізуші автобусты артқа қарай айдағанда адамды басқанын байқамаған да. Себебі, куәгерлердің сөзінше, жүргізуші құлаққаппен отырған. Ол тас басқандай тіпті не болғанын тексеруге де шықпаған. Автобусты тұраққа қояр кезде ғана қараған. Әпкемнің екі аяғы, белі сынған, үш литрдей қан жоғалтқан, сағат 00:30-да жансақтау бөлімінде қайтыс болған,

дейді марқұмның сіңлісі Малика.
фото: ашық дереккөзден

20-30 күн тергеу жүреді деп айтты. Ал кінәлі адам бостандықта жүр. Қалайша? Тергеу барысында ол изоляторда болуы керек емес пе? Адам қағып кетті. Кінәлі адамдар және автопарк басшылығы жауапқа тартылса дейміз. Оқиғаны көрген куәгерлерді іздейміз…,

деп қосты Малика.

Лейла Саттарова 24 жаста еді. Басылым мәліметінше, ол жеті ай бұрын тұрмысқа шыққан.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago