Алматыда 71 мектеп бой көтереді

Алматыда 2025 жылдың соңына дейін 71 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

2025 жылдың соңына дейін қалада 71 мектеп салу жоспарланып отыр, оның ішінде 23 мектеп пен жапсаржай бюджет есебінен, қалғандары жеке қаражат есебінен бой көтереді. Ал 16 мектеп пен жапсаржай құрылыс салушылармен жасасқан меморандум аясында болмақ. Бұл «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында» жазылған,

делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 2025 жылдың соңына дейін қосымша білім беруді дамыту бойынша 4 заманауи орталық құрылады.

Әлеуметтік нысандар салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында болады. 2024 жылдан бастап «Солтүстік» және «Шығыс қақпасы» полиорталықтарындағы алғашқы тұрғын үй кешендерінің тапсырылған кезде ғимаратты аралас пайдалану тәсілі сыналады.

Осылайша, полиорталықтарда қажет инфрақұрылымы және барлық қажет функция мен қызмет жиынтығы бар қауіпсіз тату көршілік орта құрылады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago