Categories: Қоғам

Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

2022 жылы  Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан хабарлады.

Спикердің сөзінше, былтыр Алматы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қала аумағындағы 8 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Олар — Innova Gold, QOZGAN, Тhe Finiko, Grand lux house, Tender, «Альфа Сейлс Консалтинг», Forex клуб, Rich Beach.

ҚР қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидасы бойынша қозғалған 6 қылмыстық іс сотқа жолданды: Caspian Crocus, TheFiniko, World Business Consulting — 2, Qozgan Inc, B2B Jewelry.

Жоғарыда аталған қаржы пирамидаларынан 3 500-ден астам азамат зардап шекті.

Мәселен, Qozgan Inc қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды. Ұйымдастырушылар азаматтарға өздерінің ақшалай қаражаттарын тендерлік жобаларға салуды ұсынды, бұл 105 күн ішінде салым сомасының 5-30%-ке дейін еселеп қайтаруға болады деп сендірген. Салымшылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрайды, келтірілген залал сомасы 270 миллион теңгеден асты,

деді Жақсылық Мырзахан.

Сонымен қатар құрамында алтын элементтері бар алтын құймалары мен косметикалық өнімдерді сататын интернет-дүкен ретінде жасырынған Innova Gold инвестициялық пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі іс тергеліп жатыр.

Innova Gold ұйымдастырушылары азаматтардың сеніміне кіріп, жобаға шақырған. Қаражат салғаны үшін бонустар есептеуге, сонымен қатар егер клиент өзімен бірге басқа салымшыларды алып келген болса, жобадағы рөлін ілгерілетуге уәде берген. Азаматтар салған ақшалай қаражаты Innova Gold сайтындағы салымшының жеке кабинетінде көрсетілді, алайда сайт пайдаланушылары өз қаражатын іс жүзінде қолма-қол ақшаға айналдыра алмады,

деді ол.

Жақсылық Мырзаханның айтуынша, экономикалық тергеу қызметі қабылданған шаралардың нәтижесінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың банк шотына, жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.

Мысалы, World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша сегіз жәбірленушіге келген 34, 2 миллион теңге залал өтелді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago