Фото: ашық дереккөзден
Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды. Олар серіктестік басшысынан ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр.
Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
Жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған С. тегіндегі ерлі-зайыпты ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады,
делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде ұсталған журналистердің ұлы Ратмир Северный бейнеүндеу жариялап, ата-анасын балаларының көзінше алып кеткенін мәлімдеді.
Оларды форма киген бірнеше адам мен тергеушілер ұстап әкетті. Ұсталған сәтін бейнетаспаға түсіріп, жеке заттарына тінту жүргізді. Анамды бізбен сөйлеспестен дереу бөлімшеге алып кетті. Әкемді бізбен бірге үйге жеткізіп, алып келген соң әкетті. Оларға өзгені бопсалады деген айып тағылғанын естіп қалдым. Қазір отбасымыздан ешкім олармен байланыса алмай отыр, не телефон соғып, не болып жатқанын біле алмай отырмыз. Өйткені олардың телефондарын тартып алып қойды,
деді Ратмир Северный.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…