Фото: Polisia.kz.
Алматыда 3, 6 және 7 жасар бала маскүнем анасымен антисанитария жағдайында өмір сүріп келген. Енді «маугли» балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылмақ, деп хабарлады Polisia.kz.
Медеу аудандық Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің инспекторы бірнеше күн бойы полицияда есепте тұрған 41 жастағы Х. есімді азаматшаның отбасын тексеруге әрекеттенген.
Бұл отбасын биылғы жылдың мамыр айында тіркедік, балалардың анасы Павлодардан келген. Тексеру кезінде әйел байланысқа шығуға құлықсыз болды. 8 тамызда өткен кезекті тексеру барысында әлденені сезгендей болдым: үйде дыбыстар естіліп жатты, бірақ есікті ешкім ашпады. Дабыл қағып, оқиға орнына жергілікті учаскелік инспектор, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қамқоршылық өкілдері жетті. Есік күшпен ашылды,
дейді Медеу аудандық ПБ ЮПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Айжан Бутабаева.
Сараптамамен расталғандай, әйел «орташа дәрежедегі» алкогольді масаң күйде болды. 2016 жылы туған қыз балаға, 2018 жылы туған ұл балаға және 2020 жылы туған тағы бір ұл балаға күтім жасалмаған. Үйдің іші лас болды.
Балалар бірден өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығына жеткізілді. Медеу аудандық Полиция басқармасы басшылығының айтуынша, әйелді ана құқығынан айыру үшін іс материалдары жинақталып, 18 тамызда кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданатын болады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…