Categories: Галерея

Алматыда Александр Невскийге ескерткіш орнатылды

Бүгін Қазақстанның Православие Шіркеуі Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуын және Қазақстан Респбликасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тату көршілік туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толуын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Осы мерейтойлық күндердің құрметіне Александр Невский соборының аумағында Ресейдегі әулиелер санатына жататын және еуразиялық кеңістік халықтары арасындағы байланыстарды орнатуға және славян мен түркі халықтары арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқан князь Александр Невскийге ескерткіш орнатылды.

Кішіпейіл тақуа, діни сенім қамқоршысы, бейбітшілік пен келісімнің хабаршысы ретінде бейнеленген, қоладан құйылған Александр ескерткішінің қолында Аспан патшайымының ғажайып иконасы бар.

Атаулы оқиғаға орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл өз құттықтауларын жолдады. Екі елдің көшбасшылары Князь Александрдың ізгі миссиясы мен бітімгершілік күш-жігерін, оның Еуразия кеңістігінде ұлтаралық және дінаралық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Іс-шараға дәстүрлі конфессиялардың жетекшілері, Қазақстан мен Ресейдің қоғам және саяси қайраткерлері, Қазақстан Православие Шіркеуінің архипастырлері қатысты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

23 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

23 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

23 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

24 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago