Categories: Қоғам

Алматыда автобустар тағы көбейе түседі

Алматыда тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін оқу жылы басталғанға дейін маршрутқа 100 жаңа автобус шығады.

Қазіргі уақытта қалалық автопарк 30 автобуспен толықты, қалған 70-і жақын арада келеді.

Бұл автобустар есебінен жылжымалы құрам №37, 38, 38а және 201 маршруттарда жаңартылады. Әрі №24, 125, 131 маршруттарға автобустар қосылады, яғни қолданыстағы маршруттар жаңа автобустармен толығады.

Бұған дейін мегаполис әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесулерде 2023 жылы Алматыда қосымша 600 жаңа автобус сатып алынатынын хабарлаған.

«Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін басты басымдықтардың бірі. Халықтың шағымының дені қоғамдық көлік жұмысының сапасына, атап айтқанда кейбір қолданыстағы маршруттардың жайсыздығына және жоспарлы қозғалыс аралығын сақтамауға қатысты. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешуді қолға алып жатырмыз»,

деді әкім.

Қалған 500 автобусты сатып алуға шарт жасалды.

Алматыда 2000-нан астам автобус, 163 маршрут, 24 тасымалдаушы жұмыс істейді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago