Қоғам

Алматыда балаларына тиісінше тәрбие бермеген 23 адам ата-ана құқығынан айырылды

Алматыда балаларына тиісінше тәрбие бермеген 23 адам ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жалпықалалық 13 жедел алдын алу іс-шара өткізілді.

357 жасөспірім, сондай-ақ 380 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды. Бүгінгі таңда ІІО-да есепте 393 кәмелетке толмаған жасөспірім және 583 қолайсыз отбасы бар.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 653 кәмелетке толмаған бала орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде (сағат 22.00-ден кейін) және тұрғын үйлерден тыс жерде (сағат 23.00-ден кейін) болғаны үшін 5640 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты түрлі деректер бойынша 250 материал қаралып, 23 ата-анаға ата-ана құқығынан айыру түріндегі шара қолданылды. Тағы 539 ата-ана балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago