Алматыда бірнеше бағыттың автобустары жаңарды

2 желтоқсаннан бастап №202 және №205 маршруттарға Foton маркалы жаңа автобустар шығарылатын болады.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, енді маршруттарда сыйымдылығы 85 адамға дейінгі 12 метрлік автобустар қызмет көрсетеді. Автобустар табиғи газбен жүреді, пандус пен ауа салқындатқышпен жабдықталған.

Бұған дейінгі автобустардың сыйымдылығы 70 адамға дейін болған.

№202 маршрутта ЛиАЗ маркалы 15 автобус қызмет көрсеткен. Соңғы айларда жоспарлы шығу 40%-ға төмендегендіктен, 20 жаңа автобусты осы маршрутқа шығару туралы шешім қабылданды. Жылжымалы құрам жаңартылғаннан кейін жүру жиілігі 14-15 минут болады деп жоспарланып отыр,

деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, Сайран автобекеті мен Қаскелең арасында қатынайтын маршруттың жолаушылар ағымы айына 160 мыңнан 400 мыңға артпақ.

Соңғы кездері жоспар бойынша шығудың 50%-ы ғана қаматамасыз етіліп жүрген №205 маршрутта 18 автобус қызмет көрсетті. Енді «Орбита» шағынауданынан Жетісу базарына қатынайтын маршрутта 25 жаңа автобус жолға шығарылып, жүріс интервалы 7-9 минутты құрайтын болады. Жолаушылар ағыны бұл маршрутта айына 300 мыңнан 500 мыңға өседі деп күтіліп отыр. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago