Оқиға

Алматыда екі жасөспірім такси жүргізушісін өлтіріп, көлігін ұрлап кеткен

Марқұм 15 және 16 жастағы балаларды Шымкенттен Алматыға апарған.

Такси жүргізушісі Ділмұрат Пірмахамадов 19 шілде күні Шымкент-Алматы бағытына жол жүріп, көлікке екі бозбаланы отырғызған. Алайда ақшаны діттеген жерге жеткеннен кейін береміз деген балалар ер азаматқа пышақ сұғып, көлігін ұрлап әкеткен. Ділмұрат Пірмахамадовтің әйелі  «Көреміз» бағдарламасына келіп, оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Aikyn.kz

Марқұм такси жүргізушісінің жұбайының айтуынша, бес баланың әкесі нәпақа табу үшін екі бозбаланы Шымкенттен Алматыға апарған.

Жолдасымның жасы 40-та еді. Бес баламыз бар, кенжеміз 2-де. 19 шілдеде 15 және 16 жастағы балаларды жолдасым алып кеткен. 40 мың теңгеге келіскен. Күндізгі сағат  9:30-да хабарласып, Шымкенттен шыққанын айтты. Кешкі уақытта 10-дар шамасында сенің үйіңнен қыздарың хабарласып жатыр деді.

Қыздарыма телефон соқтым. «Алматыдан бір тәте хабарласып, сізді сұрады, әкенің телефоны өшіп жатыр» деді. Жұмыстан бір сағат ерте шығып, үйге келдім. Телефонмен хабарлассам, тергеуші алды. «Сіздің күйеуіңізді осындай жерде пышақтап кетіпті, ес-түссіз аураханада жатыр, тез жетіңіз» деді. Күйеуімнің бөлесімен хабарласып, сағат 12-де жолға шығып кеттік. 9-да ауруханаға бардық, мен кірген кезде жан тапсырды, деді ол.

Жанат Пірмахамадова бұл қылмыс алдын ала ұйымдастырылғанын айтты.

Олар алдын ала ұйымдастырған. Бірінші 16 жастағы Ерасыл пышақтаған, 15 жастағы Есіл содан кейін пышақ сұққан. Бұлар бір апта бұрын Шымкентке дос баласының үйіне келген. Өздері алматылық жігіттер. Мақсаты жолақысын төлемей, телефонын, көлігін ұрлап алып кету болған. Солай істеген. Күйеуімнің қанша уақыт ол жерде жатқаны да белгісіз,

деді ол.

Ерасылдың ата-анасы балаларының Шымкентке барғанын білмеген.

Алматыда оқуда болды. Шымкентке барғанын білмедік. Нағашы әжесімен Алматыда тұрды. Бізге өтірік айтқан болып тұр. Үш күн бойы жоғалып кеткен. Нағашы әжесі бізге хабарласып, «телефоны өшіп тұр, хабарлассаңдаршы» деді. Содан кейін достарына хабарластым. Есілмен бірге жүргенін білдім. Олардың таныстығына көп уақыт болмаған. Бұл хабарды тергеушіден естідік. Аң-таң болып қалдық. Тергеуде ұлым «Мама, мен өлтірмедім, Есіл құлағыма «қайткен күнде де сені бірге алып кетемін» деп айтты» деді. Ұлыма сенемін», — деді Ерасылдың ата-анасы.

Қазір  аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынған. Тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жөнелтілген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago