Оқиға

Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапқандар арасында 11 қазақстандық пен 2 шетел азаматы бар — Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев өрт шыққан хостелге келді. Ол төтенше жағдай кезінде қайтыс болған азаматтар жайлы ақпаратпен бөлісті.

Ерболат Досаев қаза болғандардың – 11- қазақстандық, біреуі – Өзбекстан азаматы, біреуі – Ресей (Саха республикасы) азаматы екенін айтты.

Оның сөзінше, басқа деректер әлі де тексеріліп жатыр.

Досаев сонымен қатар жертөлелерде адамдарды орналастыруға тыйым салынғанын атап өтті. 

Қайта жөндеп, санитарлық нормаларды сақтап орналастыруға болады, бірақ қанша адамның тұрғаны және олардың қандай мақсатта тұрғанына қатысты сұрақ туады. Жертөледегі бөлмелерді заттарды орналастыру, қойма ретінде қолдануға болады. Бірақ қазір тергеу жұмыстарынан кейін бәрі белгілі болады,

деді қала әкімі.

Бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. Өрттен кейін республикалық комиссия құрылды.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бірінші рейспен Алматыға келеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago