Categories: Қоғам

Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды

Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Топ құрамында 27 және 25 жастағы екі әйел бар. Қылмыстың басқа да сыбайластары – 28 және 33 жастағы ер адамдар.

Осы күндері Алматыда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқықбұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған алаяқтыққа қарсы республикалық Anti Fraud іс-шарасы өтіп жатыр. Осы іс-шара аясында төрт адамнан тұратын топ әшкереленді. Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне көмек сұрап жүгінген алматылық тұрғынның арызына сәйкес, күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 1,1 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп кеткен. Толығырақ айтатын болсақ, ер адамның ұялы телефонына профилінде әпкесінің суреті бар абоненттен хабарлама келген. Хабарламаны жіберуші оның банк шотына ақша жіберуді өтінген. Ер адам әпкесіне көмектескеніне сенімді болған,

деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алаяқтар анықталды және ұсталды. Олар – Түркістан облысынан келгендер. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

Қылмысты ашуға екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерлері көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша осы қылмыстық істің жан-жақты, толық және объектив тергелуін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Соталды тергеудің осы кезеңінде бұл топ жасаған үш бірдей алаяқтық дерегі анықталды,

деді Қуатбек Науатов.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago