Алматыда көлік ұрылары ұсталды

Олардың көлік заттарын ұрлауға қалысты 20-дан астам қылмысы әшкереленді.

Полиция қызметкерінің хабарлауынша, 28 жастағы Г.есімді азамат пен оның құрдасы Н.есімді азамат көлік салонынан бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

polisia.kz

Ұрлық дерегі бойынша жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Volkswagen Touareg көлігіне әйнекті сындыру арқылы кіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 млн теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында біздің бөлімше қызметкерлері ұрланған заттарды сатып алушылардың және қаскөйдің ізіне түсті. Күдіктілердің ауданымызда 10, қалада 20-дан астам қылмыс жасағаны анықталды. Ұстау кезінде олардан, ұрланған қару тәркіленді,

дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Көлік құралдарының қарақшылары бұған дейін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта құрықталғандар жасаған қылмысын толық мойындап отыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago