BAIQONYR кинофестивалі аясында.
6-10 қыркүйек аралығында Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі сегізінші рет өтеді. Фестиваль бағдарламасы қызықты шараларға толы — кино көрсетілімдермен қатар, жеке анимациялық кинофестиваль, шеберханалар, воркшоптар, танымал режиссерлер мен актерлердің дәрістері, сондай-ақ киноиндустрияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өтеді.
Фестивальдің басты оқиғаларының бірі ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумын өткізу болмақ, оның жұмысына 30-дан астам шетелдік мамандар қатысады. Форум бағдарламасында — «Кинотанудағы заманауи үрдістер мен сын-қатерлер: зерттеулер, талдау және перспективалар» тақырыбындағы панельдік сессия, жетекші кинотанушылардың авторлық дәрістері мен шеберлік сыныптары, фильмдерді көру және оларды талқылау. Форум соңында кинотанушылар мен сыншылардың пікірінше фестивальдің ең үздік фильмі де таңдалады.
Форумға Армения, Эстония, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да көптеген елдердің сарапшылары келеді. Олардың ішінде:
— ФИПРЕССИ және НЕТПАК мүшесі, көптеген халықаралық кинофестивальдердің бағдарламалық директоры және кеңесшісі болып табылатын Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гульбара ТОЛОМУШОВА бар. Ол 2018 жылы BAIQONYR кинофестивалінің қазылар алқасын басқарған;
— Ташкент ВГИК директоры, Өзбекстан кинематография агенттігінің көркемдік кеңесінің мүшесі Эльдар ЮЛДАШЕВ;
— «Мәскеу премьерасы» Халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық директоры және «Достастық» халықаралық киномектебінің кураторы (Тбилиси – Батуми), ФИПРЕССИ мүшесі Евгений МЕЙЗЕЛЬ;
— «Өрік ағашы» халықаралық деректі фильмдер фестивалінің бағдарламалық директоры (Армения Республикасы) Артур ВАРДИКЯН;
— Таллин DocPoint деректі фильмдер фестивалінің ұйымдастырушысы Тристан ПРИЙМЯГИ;
— Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының Беларусь мәдениетін, тілін және әдебиетін зерттеу орталығының экрандық өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Марина БЕЛООКАЯ;
— «Мәскеу премьерасы» ХКФ көркемдік жетекшісі және бас продюсері Вячеслав ШМЫРОВ;
— «Кино уақыты» киножобаларын қолдау және кино іс-шараларын ұйымдастыру дирекциясы жанындағы кинобағдарламалардың кураторы және кино іс-шараларының тұрақты спикері (Татарстан Республикасы) Адиля ХАЙБУЛЛИНА;
— өнертану докторы, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының өнертану институтының «Кино және теледидар » бөлімінің меңгерушісі Нигора КАРИМОВА;
— «Ника» Ресей кино өнері академиясының академигі, Чебоксар Халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық директоры және көркемдік жетекшісі Сергей ЛАВРЕНТЬЕВ және тағы басқалар бар.
Форумның төрағасы – кинотанушы, BAIQONYR кинофестивалінің бағдарламалық директоры Ержан ЖҰМАБЕКОВ.
Естеріңізге сала кетсек, BAIQONYR халықаралық кинофестивалі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…