Оқиға

Алматыда клуб күзетшісі келіншекті қорқытып зорлаған

Алматылық келіншек клубтың күзетшісі зорлағанын мәлімдеді. Тамыз айында болған жағдайды ол енді ғана жариялауға бекінген.

Айтуынша, жас жігіт пышақпен қорқытып, болған жағдайды телефонға да түсіріпті. Полицияға шағымданғанмен, олар «арызды қайтып ал» деп қысым көрсеткеніне шағымданады, деп хабарлады КТК.

Сорақысы сол, күдікті әлі күнге бостандықта жүр дейді. Бұл жайтқа қатысты Алматы полиция департаменті мәлімдеме жасады.

«Қорыққанымнан қорлыққа көндім, зорландым» деген алматылық 30 жастағы әйел күзетшімен барда танысқанын айтады. Үйіне шығарып салам деген өтініші секем туғызбай, қасыма ерттім дейді.

Айтуынша, үйдің дәлізінде пышағымен қорқытып зорлық жасаған. Онымен қоймай, телефонына да түсіріпті.

Бір сәтте оның телефонға түсіріп тұрғанын түсіндім. Оған қажет емес деп жалындым. Мені әбден қорлап, айтпағаны жоқ. Қазір қажет болса, достарымды да шақырамын деді. Әбден зәрем ұшты. Бұл адамды жауапқа тарту керек! Соңына дейін баруға дайынмын,

жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, күдіктіні полиция ұстағанмен, кейін босатып жіберген. Онымен қоймай үйіне келіп, «арызыңды ал» деп қысастық көрсетті дейді. Ол әңгімені телефонына түсіріп алған.

Жәбірленушінің адвокаты полиция қызметкерлерінің мұндай талап қоюын «заңды өрескел бұзу» дейді. Оған жол бергендер тиісті жазасын алсын деген талап қояды.

Олар жәбіреншуіні өз еркінен тыс, күдіктімен бетпебет жүздестіреміз деген желеумен полиция бөлімшесіне жеткізбек болған. Бірақ ол кезде Алмалы ауданының полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп үлгермеген еді. Қылмыстық іс тек кезекші прокурорға біз шағым тастағанымыздан кейін бір-ақ қозғалды,

Әлия Омарова, жәбірленушінің адвокаты.

Полицияның айтуынша, түскен арыз бойынша тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Сондай-ақ, қызмет тексерісі жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Зорлық-зомбылық әрекетінің болу-болмауы міндетті түрде анықталады. Сонымен қатар полиция қызметкерінің тарапынан болуы мүмкін заңсыз әрекеттері тексеріледі. Оның іс-әрекетіне міндетті түрде баға беріледі. Егер осы мәлімет дәлелденсе, онда тәртіптік тұрғыда жазаланады,

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі.

Ал күдіктіден бұлтартпау шарасымен қала аумағынан шықпау туралы қолхат алынған. Өйткені зорлық көрсеткен-көрсепегені сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago