Қоғам

Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы-1 және Алматы-2 арасындағы LRT және жер үсті метрополитенінің бірінші желісі қашан іске қосылатынын айтып берді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен өткен Алматыны дамыту жөніндегі кеңес барысында әкім қаланың транспорттық қаңқасын қалыптастыру кезеңдері туралы баяндады. 

Бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек бойынша LRT құрылысын бастау, бөлінген жолақтар туралы құқықтық актілерді қайта қарау, жолаушыларға арналған жаңа тарифтік мәзірді енгізу, автобустарға арналған 10 бұрылыс алаңын және үш көлік торабын салу жоспарлануда,

деді Досаев.

Екінші кезең барысында 2025-2026 жылдары көлік қаңқасының 10 дәлізі іске қосылады, 26 шақырымдық LRT бірінші желісін салу, Алматы-1 станциясынан Алматы-2 станциясына дейін үш жаңа метро және жер үсті метро станцияларын іске қосу қарастырылған.

Алматы әкімі жүрдек көлікті дамыту есебінен қалалық маршруттарға жүктеме тұтастай төмендейтінін атап өтті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago