Алматыда мұз көшкіні болуы мүмкін

Төтенше жағдайлар департаменті алдағы тәуліктерде Алматы өзендерінің арналарына жақын жерде мұзды су тасқыны, мұз көшкіні болуы мүмкін екенін айтады.

Сағат 16:30-дар шамасында Есентай өзенінде мұз көшкіні жүріп өтті. Мұз көшкіні табиғи құбылыс, температураның ауытқуынан туындайды. Орынға Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ММ және басқа да қызметтердің мамандарынан құралған барлау топтары аттанды. Барлау тобы өзен арнасы мен жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде жылжымалы мобильді бекеттер орнатылды,

делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы бойынша, мамандар мұз Есентай су қабылдағышың үстінде пайда болғанын анықтады. Кей жерлерде Есентай өзенінің арнасының қоршауы зақымданған. Сондай-ақ, кейбір аудандарда мұз сынықтары өзен арнасының бойындағы жаяу жүргіншілер жолына да жайылған.

Қазіргі уақытта «мұз көшкінін» болдырмау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінде мұз көшкіні Есентай су қабылдағышының үстіндегі өзен арнасында тоқтады. Көшкен мұздың көлемі — 6500-6700 шаршы метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кететін жайт, температураның төмендеуіне байланысты өзендерде мұз қабаттары пайда бола бастайды. Ұзақ уақытқа созылған аяз немесе кенеттен жылыну салдары мұз көшкініне (мұзды су тасқыны) әкелуі мүмкін. «Қазселденқорғау» және Төтенше жағдайлар департаменті мамандары дабыл қағуда. Жақын күндері мұз көшкінінің жүру қаупі сақталады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы және т.б. өзен арналарынан алыс болуға шақырамыз,

деді Алматы қалалық ТЖД өкілі.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

18 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

18 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

18 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

18 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

20 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago