Categories: Оқиға

Алматыда марафон кезінде ер адам қайтыс болды

Алматы облысында өткен «Tengri Ultra 2023» марафонының қатысушысы іс-шара барысында кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға 9 мамырда Іле өзені аңғарында болған.

Желі қолданушылары ер адамның спортқа жаңадан келмегенін және үнемі ұзақ қашықтыққа жүгіргенін жазып жатыр. Мәреге бір-екі метр қалғанда ол кенеттен өзін нашар сезініп, құлап қалған. Спортшыны құтқарып қалу мүмкін болмады.

Алматы облысының әкімдігі марафоншының өліміне қатысты пікір білдірді.

«Tengri Ultra 2023» марафонында 1982 жылы туған ер адам 15 шақырымдық қашықтықты бағындырған соң мәре сызығына бірнеше метр қалғанда құлап қалды. Кезекші жедел жәрдем бригадасы бірден тиісті шаралар қабылдады. Бірақ өкінішке орай, ер адам қайтыс болып кетті.

Желіде тараған «жедел жәрдем 10 минуттан кейін келді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Спорттық шара кезінде жедел жәрдем көлігі тәулік бойы кезекшілік жасап жүрді,

деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago