Categories: Руханият

Алматыда мектеп театры өзекті тақырыптарды көтеріп жүр

Алматы қаласындағы №6 мектеп-гимназиясының «Gaudeamus» театрында қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау еткен қойылымдар қойылады.

Ұжымның басшысы Галина Анатольевна Кухареваның өзі – осы мектептің түлегі. Кейін бірнеше жыл бойы Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өнер көрсеткен.

«Gaudeamus» театрының репертуарында Ұлы Отан соғысын бейнелейтін бірнеше қойылым бар.

«Биыл 9 мамыр қарсаңында балалар «Есте сақтау үшін…» атты қойылымды сахналады. Қойылымның негізі – Әйел-Жер-Ана. Жүрегі махаббатқа толы үлбіреген бойжеткен сынақ жылдары мықты әрі қайтпас қайсар әйелге айналады, жақынын жоғалтқан уақытта аза тұтқан қайғылы әйелдің бейнесіне енеді. Қойылымның соңында бас кейіпкердің немересі кейпінде өмірдің, жастық шақтың, үміттің қайта тұтануы көрінеді. Жер бетіндегі барлық адам сияқты бізге бейбітшілік керек, оны сақтау үшін тарихты естен шығармаған дұрыс. Біз қойылымның премьерасына соғыс ардагерлерін шақырамыз. Өкінішке орай, жыл өткен сайын ардагерлердің саны азайып келеді. Оларға алғыс айтып, құрмет көрсету жеткіліксіз, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын өзімізге мұрагерлікке қалдыруымыз керек», — дейді Галина Кухарева.

«Gaudeamus» театры 1996 жылы дүниеге келген, жылына 3-4 қойылым шығарады. Ұжымда жоғары сынып оқушыларынан және төменгі сынып оқушыларынан құралған екі топ бар. Мектеп театрының репертуарын ертегі, классика мен заманауи драматургия құрайды. Өзекті әлеуметтік тақырыптар да қозғалады.

Бүгінгі таңда ұжым Беларусь драматургы Анатолий Делендиктің «Құдайға сөз» атты қойылымын дайындау үстінде. Бұл пьеса қыздар жайлы, медициналық оқу орнының түлектері мен алғашқы махаббат туралы. Кейіпкерлердің бірі аяқ астынан ауырып қалады, оған емі жоқ қан ауруы диагнозы қойылады. Пьесаның алғысөзінде «Күнге төрт крест» деп жазылған, оның мағынасы кейіпкер қанының талдамасындағы төрт плюсті білдіреді. Қыздан досы: «Бұл ақ қан ба?» деп сұрайды. «Олай деуге келмейді, алайда, қорытындысы бірдей» деген жауап алады.

Кейіпкер дертіне дауа іздеп, шарқ ұрады. Күні санаулы бойжеткен ауруына шипа болар дәрі таба ала ма? Кейіпкерлер арасында ұнатушылық сезімі пайда болып, кейін ол сезім махаббатқа ұласқанда Құдайдың өзі ауруды жеңуге көмектесіп жатқандай көрінеді.

Қойылымның премьерасы қазан айына жоспарланып отыр.

№6 мектеп-гимназиясында театр пьесаларын қоюдан бөлек, Галина Кухарева Алматы халықаралық мектебінде театр өнерінен сабақ береді және балалармен бірге қойылым қояды.

«Біз театр өнері тақырыбында әңгімелесеміз, Алматы театрындағы қойылымдардан алған әсерлерімізді бөлісеміз. Өзіміз қойылымға дайындалып жатқанда да көптеген тақырыпта әңгімелесеміз. Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні туралы сөйлесеміз. 9 мамырға екі апта қалғанда мектеп қауымдастығы арасында ақпарат жинау жұмысы жүрді. Балалар суреттерді іздеп, Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстары туралы ақпарат жинады.

Кейін біз «Ажалы жоқ полк» атты шараны ұйымдастырып, слайдтарды басып шығардық, ҰОС қаһармандары туралы ақпаратты Алматы халықаралық мектебінің дәлізіне, залына, кабинеттеріне ілдік. «Ажалы жоқ полк» шарасын қатарынан бес жыл бойы ұйымдастырып келеміз. Бұл – біз үшін тәрбиелік мәні бар шара, патриотизмнің іс жүзінде көрінуі деп ойлаймын», — дейді Галина Кухарева.

Галина Кухареваның сөзінше, мектеп театрында өнер көрсеткен оқушының бәрі өнер жолын таңдамайды.
«Балалар театры кәсіби біліктілік қалыптастыратын жер емес. Мектепішілік қойылымға қатысу оқушылардың болашақ өмір жолына жақсы әсерін берері сөзсіз. Театр баланы қорқыныштан арылтады, сахнада жүрген бала өз-өзін ұстауды, эмоциясын басқаруды үйренеді, бір-бірі үшін жауапкершілік алуды меңгереді, ойын ашық жеткізе алатын болады. Өйткені театр – ұжымдық өнер», — дейді Галина Кухарева.

Галина Галкина, АПН

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Фото: Галина Кухареваның жеке мұрағатынан

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago