Categories: Оқиға

Алматыда өмірде жоқ 19 адамның айлығын алып отырған бас дәрігер сотталды

Алматыда емхананың бас дәрігері сотталды.

Нalyq-uni.kz мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында емхана қызметкерлеріне қатысты аса ірі мөлшерде жымқыру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2015 жылдың сәуірі – 2022 жылдың наурызы аралығында емхананың бас дәрігері К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, бас бухгалтер Н. және кадрлар бөлімінің инспекторы С.-мен алдын ала қылмыстық келісім орнатқаны анықталды. Олар іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 тұлғаны қызметке тағайындау туралы бұйрықтарды рәсімдеу жөніндегі іс-әрекеттерге басшылық еткен.

Ресми түрде рәсімделген қызметкерлердің шоттарына ай сайын еңбекақыны есептеп, аударып отырған. Кейіннен оны өз меншігіне айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

К., С., Н. құқыққа қайшы әрекеттері арқылы мемлекетке 79 млн теңгеден астам шығын келтірді.

Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде олардың қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлықтарын ескерді. Соттылықтың болмауы, С., Н.-нің залалды ішінара өтеуі секілді жеңілдететін жағдайлар ескерілді.

С. және Н. шығынды ішінара өтеді. Олар 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

С.-ға 5 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды. Н. 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот бас дәрігер К.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

19 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago