Categories: Галерея

Алматыда нимфеялар гүлдеді

Бас ботаникалық бақта әдемі нимфеялар (су лалалгүлдері) гүлдей бастады.

Алматы ботаникалық бағының мәліметінше, гүл халық арасында «су перісі гүлі», «су көкнәрі», «су лалагүлі» деп аталады. Нимфея немесе Су лалагүлі (лат. Nymphaéa) – Nymphaeaceae тұқымдасына жататын су өсімдіктерінің түрі. Нимфея — ұзын сабақты және тамыры жақсы дамыған, лай мен су қабатының астында орналасқан көпжылдық өсімдік.

Нимфеялар суда мықты тамырлы өскіндер арқылы ұсталып тұрады.

Жапырақтары қара-жасыл түсті, тығыз пластина түрінде болады, көлемі 25 -35 см арасында.
Гүлдеу мерзімі аяз түскенге дейін созылуы мүмкін, ал жеке гүлдің өзі 3-4 күн ғана өмір сүреді. Кешке гүл жапырақшалары жабылып, гүл шоғыры қысқарады және гүл су астына батады. Таңертең кері процесс жүреді.

Күлте 4 гүл тостағаншасының жеке жапырағынан тұрады, бірақ қаныққан түсімен ерекшеленеді. Олардың артында бірнеше қатарда сүйір шеті бар сопақша үлкен жапырақшалар орналасқан. Жапырақшалардың түсі ақ, кілегей, қызғылт немесе қызыл болуы мүмкін.

«Нимфея өсімдігіне қатысты әртүрлі аңыздар көп. Солардың бірінде ақ нимфеяның Геркулеске жауапсыз махаббаты салдарынан су гүліне айналып кеткені айтылады. Көптеген халықтар бұл гүлде сиқырлық қасиеттер бар деп санайды. Жаздың ортасында су лалагүлінің гүлдері су перісіне айналады деген сенім болған. Сондықтан бұл мезгілде суға түсуге тыйым салынған.

Нимфеяның тамырын крахмал дайындау үшін пайдаланады. Су лалагүлінің қуырылған тұқымдары кофені алмастыра алады, себебі оның құрамында алкалоидтар болады. Тамырында суда шіруге жол бермейтін таниндер бар. Олар былғары өнеркәсібінде тері илеу үшін, маталарды қоңыр және қара түске бояу үшін қолданылады», — деп хабарлады Алматы ботаникалық бағы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

20 часов ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

22 часа ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

22 часа ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

22 часа ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

2 дня ago