Categories: Қоғам

Алматыда қоқыс полигоны балалардың ойын алаңына айналған

Бүлдіршіндер мұнда кешқұрым қалдық жинайтын көрінеді. Алматының Наурызбай ауданы аумағынан заңсыз ірі қоқыс алаңын қалалық Экология департаментінің өкілдері анықтаған. Мамандар мектептен қайтқан оқушылар «лас жерді айналып өтуге ерініп, карьердің ішіне құлап кете ме?» деп алаңдайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл ғарыштан бақылау кезінде қала аумағында 6 заңсыз қоқыс орны анықталған. Оның төртеуі жиналса, Түрксіб және Наурызбай ауданындағы қоқыс үйінділері әлі бар. Алайда Наурызбай ауданының қиындығын шешу үшін агломерация мәселе болып тұр. Себебі аймақ Наурызбай ауданына қарасты болса, төменгі тұсы Қарасай ауданының меншігіне жатады.

Ал ендігіде мәселені шешу тек қалалық экология департаментіне емес, Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының құзырлы орган өкілдеріне де байланысты. Олардың айтуынша, тазалық жұмысын әлдеқашан бастап кеткен.

Алматы агломерациясы бағдарламасы аясында Алматы қаласына жақын шекаралас орналасқан 5 аудан — Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Жамбыл ауданында да заңсыз қоқыс орындарын жою жөнінде  Алматы облысы мен Алматы қаласының құзырлы органдары мен әкімшілігі бірлескен іс-шаралар атқарылып жатқандығын жеткізгім келеді,

деді Алматы облысы Экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов.

Экология департаментінің ресми өкілі Әділ Нұрпейісовтің айтуынша, облыс тұрғындағы қоқыс лақтырады. Қазіргі таңда Алматы облысымен бірлесе отырып, жинау жұмыстары басталады.

Жергілікті орган өкілдерінің айтуынша, қоқыс полигоны орналасқан орынға Абай даңғылы түсіп, ол Үлкен Алматы айналмалы жолына жалғасады. Сондықтан карьер маңындағы үйлер сүріліп жатыр. Мамандардың айтуынша жергілікті тұрғыны болмағандықтан, құрылыс қалдықтарынан бөлек, мұнда тұрмыстық заттар да төгіліп жатыр. 

Қараусыз қалған жерде қоқыс шашылып жатыр. Өйткені жан-жақтан алып келеді. Биыл 25 жерде желілік сенбілік өткізілді. Ертең осында өткіземіз деп жоспарлап отырмыз,

деді Наурызбай ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы Болат Оңғарбаев.

Ресми дерек бойынша, елімізде соңғы жылдары 1500 заңсыз тұрмыстық қалдық полигоны жойылған. Бірақ әлі де 6 мың заңсыз қоқыс орны қалған. Ал рұқсат етілген 3500 полигонның тек 17,7 пайызы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago