Фото: Unitedcountry.com
Ұлттық статистика бюросы бір жылдағы пәтер бағасының қалай өзгергенін жариялады.
Бір жылда (2022 жылғы тамыз 2021 жылғы тамызға) пәтерлерді қайта сату бағасы 25,8%-ке, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 18,1%-ке өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тамыз айымен салыстырғанда 31,8%-ке артты.
Өңірлер арасында жаңа салынған тұрғын үй нарығы бойынша жылдық мәнде пәтер Ақтөбе қаласында 32,5%-ке, Нұр-Сұлтанда 27,6%-ке, Қостанайда 26,3%-ке қымбаттады.
Қолданыстағы баспана саудасындағы баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (48,4%), Нұр-Сұлтан (40,8%), Өскемен (39,9%) және Талдықорған (36,5%) қалалары. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы пәтерақысы қымбат қала – Алматы (62,5%).
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
1 шаршыметрінің бағасы, теңге1) | 2021 жылғы тамызға қарағанда, % | 2021 жылғы желтоқсанға қарағанда, % | 2022 жылғы шілдеге қарағанда, % | 2021 жылғы шілдеге қарағанда, % | 2022 жылғы маусымға қарағанда, % | |
Жаңа тұрғын үйлерді сату | 425 6152) | 18,1 | 12,4 | -0,1 | 19,6 | 0,5 |
Пәтерлерді қайта сату | 469 777 | 25,8 | 18,5 | 0,4 | 26,4 | 0,8 |
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі | 4 029 | 31,8 | 24,9 | 12,4 | 20,8 | 0,4 |
1) 2022 жылғы 20 шілде жағдай бойынша
2) Бастапқы қалпының және таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.
Бір айдың ішінде (2022 жылғы тамыз 2022 жылғы шілдеге) пәтерлерді қайта сату бағалары 0,4% өсті, ал жаңа тұрғын үйді сату 0,1% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда тамызда 12,4% жоғарылады.
Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде жасалады.
Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату операцияларын жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады. Бұл ретте пәтердің бастапқы қалпының және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі.
Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…