Алматыда пәтер жалдау ақысы 62,5%-ке өскен

Ұлттық статистика бюросы бір жылдағы пәтер бағасының қалай өзгергенін жариялады.

Бір жылда (2022 жылғы тамыз 2021 жылғы тамызға) пәтерлерді қайта сату бағасы 25,8%-ке, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 18,1%-ке өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тамыз айымен салыстырғанда 31,8%-ке артты.

Өңірлер арасында жаңа салынған тұрғын үй нарығы бойынша жылдық мәнде пәтер Ақтөбе қаласында 32,5%-ке, Нұр-Сұлтанда 27,6%-ке, Қостанайда 26,3%-ке қымбаттады.

Қолданыстағы баспана саудасындағы баға өсімі бойынша көшбасшылар  – Қызылорда (48,4%), Нұр-Сұлтан (40,8%), Өскемен (39,9%) және Талдықорған (36,5%) қалалары. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы пәтерақысы қымбат қала – Алматы (62,5%).

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

1 шаршыметрінің бағасы, теңге1)2021 жылғы тамызға қарағанда, %2021 жылғы желтоқсанға қарағанда, %2022 жылғы   шілдеге қарағанда, %2021 жылғы   шілдеге қарағанда, %2022 жылғы   маусымға қарағанда, %
Жаңа тұрғын үйлерді сату425 6152)18,112,4-0,119,60,5
Пәтерлерді қайта сату469 77725,818,50,426,40,8
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі4 02931,824,912,420,80,4

1) 2022 жылғы 20 шілде жағдай бойынша

2) Бастапқы қалпының және таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

Бір айдың ішінде (2022 жылғы тамыз 2022 жылғы шілдеге) пәтерлерді қайта сату бағалары 0,4% өсті, ал жаңа тұрғын үйді сату 0,1% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда тамызда 12,4% жоғарылады.

Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде жасалады.

Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату операцияларын жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады. Бұл ретте пәтердің бастапқы қалпының және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі.

Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago