Оқиға

Алматыда полицейлер 14 жасар қызды зорлаған – Ішкі істер министрі ақпаратты растады

Алматыда полицейлер 14 жасар қызды зорлаған. Бұл ақпаратты журналистерге ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алматыда екі полиция капитаны 14 жасар жасөспірім қызды зорлағаны туралы фактіні растай аласыз ба? Бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?”, – деп сұрады журналистер министрден.

“Өкінішке қарай, бұл факт орын алған. Қылмысты жасағандар қазіргі уақытта – бұрынғы қызметкерлер. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, бұл адамдар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар да қамауға алынды”, – деп жауап берді Ержан Сәденов.

Министр тергеу әлі жалғасып жатқанын жеткізді. «Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?» деген сұрақты ішкі істер министрі растады.

“Иә, мен растаймын”, – деді министр.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі «Зорлау» бабы бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 недели ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago