Categories: Оқиға

Алматыда әріптесін абайсызда өлтіріп алған полицей қалай жазаланады?

Алматыда полиция қызметкері табель тапаншасымен әріптесіне оқ атты. Ауыр жарақат алған 28 жастағы сержант оқиға орнында жан тапсырды. Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшысы қызметтесін абайсызда өлтіріп алған.

Қос сержант полиция ғимаратының бақылау-өткізу бекетінде жұмыс істеген. Куәгердің айтуынша, тәртіп сақшылары арасында кикілжің болмаған. Таңғы сағат жеті шамасында екеуі ас ішетін бөлмеде әңгімелесіп отырыпты. Сол уақытта біреуі қызмет қаруымен байқаусызда жанында отырған әріптесін атып өлтірген.

Қазір «Абайсызда адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама да тағайындалды. ҚР ҚК 104-бабында үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

Алматы полиция департаменті бүгін полиция қызметкері қызмет қарумен өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақат салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды,

дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұдан бұрын Алматыда полиция қызметкері байқаусызда әріптесін атып өлтіргені туралы жазған едік.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago