Categories: Жемқорлық

«Сауна ғимаратында балалар лагерін» ұйымдастыру ісі бойынша тергеу басталды

Алматы қаласының прокуратурасы «Сауна ғимаратында балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы) және кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (ҚР ҚК 140-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қалалық прокуратураның мәліметінше, лагерьді қаржыландыру жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қаласы Білім басқармасының бюджетінен жүзеге асырылған. Бұл ретте ұсынылған конкурстық құжаттама қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келмеген. Қылмыстық істерді тергеу Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.

Істерді тергеу шеңберінде болған оқиғаның мән-жайы анықталып, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары мен лагерь ұйымдастырушыларының іс-әрекеттеріне баға берілетін болады. Өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды. Аталған істер прокуратура органдарының ерекше бақылауында,

деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Еске салсақ, бұған дейін алматылық оқушылардың демалуға жазғы лагерьге емес, саунаға жіберілгенін хабарлағанбыз.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago