Білім

Алматыда студенттерге арналған дағдарыс орталығы іске қосылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерге арналған дағдарыс орталығы іске қосылды. Мұндай орындар еліміз бойынша Астана, Алматы және мен Шымкент қалаларынан ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, биыл үш мегополисте алғаш рет дағдарыс орталығы жұмысын бастады. Астана мен Алматыда 30-дан, ал Шымкентте 20 орынға лайықталған. Бұл жерде студент жатақханаға орналасқанша 1-2 күн түнеп шыға алады. Ешкім далада қалмайды.

Оған қоса әрбір жоғары оқу орнының жанынан ахуал орталығы да құрылды. Мұның барлығы үлкен қалаларға білім іздеп келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр,

— деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінің Телеграм каналы.

Студенттер жатақханаға өтінішті онлайн түрде жібереді. Жауабы 1 күн ішінде беріледі. Ал жатақхана жетпеген жағдайда хостелге орналастырады. Алматы қаласы бойынша қыркүйекке дейін жаңасы бар, қайта жасалғаны бар 5 жатақхана қолданысқа беріледі. Бұл дегеніңіз 1 600-ге жуық орын. Оған қосымша жыл соңына дейін дәл осындай 14 нысанның құрылысы аяқталып, 4 мыңға тарта студент жатақханаға орналасады.

Еске сала кетейік, жатақханада тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар мен мүгедектігі бар студенттерге өтемақы төленеді. Оның көлемі – жылына 29 айлық есептік көрсеткіш.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago