Categories: Қоғам

Алматыда су құбыры жарылып, көшелерді су басты

Алматыда Мыңбаев пен Әуезов көшелерінің қиылысында су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлағандай, су түнгі сағат 3.40-тан бастап (негізінен Әуезов көшеснің бойымен) іргелес көшелермен төмен қарай ағып, Райымбек даңғылына дейін жеткен, одан ары канал желісіне құйылып жатыр.

Көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, тротуарларға 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті.

Су мұзға айналып, тротуарлар мен жолдар көктайғаққа айналып жатыр. Мұз басқан жол бөліктеріне арнайы материалдармен себілгенімен, ол аумақтарда апат қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Апаттың салдары бүгінгі күннің аяғына дейін реттелетін болады.

Су басқан орындарда көктайғақ жабынының пайда болу ықтималдылығын ескере отырып, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтып, апатты жағдайды туындатпас үшін оқыс әрекеттер жасамауға шақырамыз,

деп басқарма өкілдері алматылықтарға үндеу жолдады.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago