Categories: Оқиға

Алматыда су мен құрма таратып жүрген жігітті көлік қағып кетті

Алматыда қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақта жүрген жүргізуші жасөспірімді көлік қағып кетті. 16 жастағы жеткіншек алған жарақатынан көз жұмды деп хабарлайды kyn.kz порталы.

25 жастағы жігіт автобусқа арналған жолақта жоғары жылдамдықпен жүйткіген. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«18 сәуірде сағат 19.30-да 1998 жылы туған А. есімді азамат Toyota Camry маркалы көлігімен Абай даңғылы арқылы батыс бағытта жүріп келе жатқан. Сол сәтте 2007 жылы туған Н. жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жолды кесіп өтпек болған. Соның салдарынан жүргізуші кәмелет жасқа толмаған жеткіншекті қағып кетті. Әртүрлі дене жарақатын алған жаяу жүргінші қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілгенімен, артынша қайтыс болды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал оқиға куәгерлері қайтыс болған баланың ауызашар уақытта жолда су мен құрма таратып жүргенін жазып жатыр.

«Кеше ауызашарға су мен құрма таратып жүрген баланы көлік қағып кетті», — делінген желіде тараған ақпаратта.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

6 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

7 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago