Categories: Экономика

Алматыда тұрғын үйді жалға алу бағасы Нұр-Сұлтанды басып озды

2016 жылдың басынан бері алғаш рет Алматыда тұрғын үйді жалға алу елордаға қарағанда қымбатырақ. Бірақ жаңа және қайталама жылжымайтын мүлік бағасы Нұрұлтанда жоғары.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы маусымда Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу құны 1,1%-ға төмендеді. Ерекше болмаса да, сирек кездесетін жағдай: соңғы рет жалға берілетін тұрғын үйдің құны 2018 жылдың қазан айында (-0,1%) төмендеді, кем дегенде 2016 жылдың басынан бері мұндай орасан түзету болған емес. Бұл ретте төмендеуді түзету ретінде сипаттауға болады, өйткені бірінші жартыжылдықта бағалар 10,6%-ға, ал соңғы жылы — 21%-ға өсті.

Алматыда пәтер жалға алу елордадан қымбатырақ

Бірақ әзірге бұл тек бір қалаға — Нұр-Сұлтанға ғана қатысты. Мұнда маусымда жалға алу бірден 3,4%-ға арзандады (шаршы метрі 3 986 теңгеден 3 851 теңгеге дейін). 2020 жылдың тамызынан бері елордада бағаның осынша түскені тұңғыш рет — ол кезде баға 4,9%-ға төмендеген.

Нәтижесінде, Алматы енді республикадағы ең қымбат тұрғын үйі бар мекенге айналды. Маусымда жалдау құны 0,9%-ға — бір шаршы метр үшін 3 886 теңгеге дейін өсті. 2016 жылдың қаңтарынан бері 6,5 жыл бойы көшбасшылықты бермей келеді.

Басқа қалаларға келетін болсақ, маусымда тұрғын үйді жалға алу:

  • Өскеменде 2,7%-ға өсті. 2022 жылдың екінші тоқсанында — 8,5%-ға қымбаттады
  • Қызылордада — 2,3%-ға өсті, көрсеткіш алты ай қатарынан өсуде
  • Шымкентте — 0,5%-ға, қатарынан алтыншы ай өскенімен, маусымда да өсу байқалды

Республиканың барлық басқа ірі қалаларында өткен айда жалға берілетін тұрғын үй бағасы өзгерген жоқ.

Қайталама нарық «салқындап жатыр»

Астанада қайталама нарықтағы тұрғын үй де қымбаттаған жоқ (2021 жылдың қарашасынан бері алғаш рет). Бірақ Алматыда баға тағы көтерілді. Тағы дейтініміз — оңтүстік мегаполисте үй бағасы 2020 жылдың қарашасынан бері үздіксіз өсіп келеді. Алайда, соңғы айларда аса көп өскен жоқ: мамырда — 0,1%, маусымда — 0,4%.

Маусымда қайталама нарықтағы үй бағасы мына қалаларда қатты өсті:

  • Өскеменде — 3,6%-ға (сегіз ай қатарынан өсу)
  • Қызылордада — 3,4%-ға (10 ай қатарынан)
  • Қостанайда — 3,2%-ға (20 ай қатарынан)

Таразда қайталама нарық тұрғын үйі 1,8%-ға, Қарағандыда — 1,7%-ға қымбаттады. Қайталама тұрғын үй құнының аздап өсуі Шымкентте (+0,1%), Оралда (+0,8%) және Павлодарда (+0,6%) байқалады.

Республика бойынша қайталама нарық тұрғын үй бағасы 0,4%-ға өсті — бұл 2020 жылғы сәуірден бастап ең төменгі көрсеткіш. Жалпы алғанда, бағаның өсу қарқыны төрт ай қатарынан төмендеді. Бұл қызып кеткен нарық біртіндеп салқындай бастағанын көрсетеді.

Жаңа ғимараттардың құны өсті

Қайталама нарықтағы сауда-саттықтың баяулауына тұрғын үйге сұраныстың төмендеуі де себеп. Алайда, жаңа ғимараттар жағдайында картина сәл өзгеше: иә, сұраныс төмендеді, бірақ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты құрылысшылардың шығындары артып жатыр. Нәтижесінде, маусымда Қазақстанда шаршы метрдің орташа бағасы 1,1%-ға өсті. Алайда, бұл мамырдағы 1,7%-дан аз.

Жаңа ғимараттар қай өңірлерде қымбаттап жатыр? Қымбатшылық республиканың солтүстік-шығысында байқалады:

  • Өскеменде шаршы метрдің бағасы 5,8%-ға өсті (2021 жылдың қаңтарынан бастап ең күшті өсім)
  • Семейде — 4,2%-ға (2021 жылдың қыркүйегінен бергі максимум)
  • Павлодарда — 0,9%-ға (2021 жылдың қаңтарынан бері бағаның алғашқы өсуі)

Нұр-Сұлтанда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны маусымда орта есеппен 2%-ға, Шымкентте – 1,2%-ға, Алматыда — 0,2%-ға өсті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

19 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

20 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

20 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago