Categories: Ғылым

Алматыда Түркиядағыдай зілзала болуы мүмкін бе – ғалымдар болжамы

2023 жылы Алматы өңірінде қатты жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Сейсмология институты мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ағымдағы жылы MSK-64 шкаласы бойынша қарқындылығы 7 және одан жоғары жер сілкінісі күтілмейді. Бірақ бұл жүз пайыз нақты болжам емес. Өкінішке орай, болатын жер сілкінісінің күшін, орнын, уақытын дәл есептейтін нақты әдіс әзірге жоқ,

деді ҚР ТЖМ сейсмология институтының өңірлік сейсмикалық зертханасының ғылыми қызметкері Ақкенже Сиылқанова.

Алайда мамандар бұл жүз пайыз болжам емес екенін айтып, алматылықтарға төтенше жағдайларға дайындық шараларын назардан тыс қалдырмауға кеңес берді.

Алматыда жер сілкінісі болады, бірақ ол болатын кезді болжау мүмкін емес. Бұған, тіпті, ғылымның қазіргі даму деңгейі де ықпал ете алмайды. Бірақ сейсмологияда қайталану деген ұғым бар: үлкен жер сілкінісінің болуы біраз уақытты қажет етеді. Сондықтан үлкен жер сілкінісінен кейін бірнеше жылдан соң тағы біреуі болуы екіталай. Мысалы, Алматыда соңғы рет ірі жер сілкінісі 19 ғасырда болған,

деді Новосибирск мұнай-газ геологиясы және геофизика институтының бас ғылыми қызметкері Иван Кулаков.

Мамандар азаматтарға төтенше жағдайда іс-қимыл жоспарын құруды, сейсмикалық жаттығуларға қатысуды ұсынады. Сонымен қатар жер сілкінісі кезіндегі мінез-құлық ережелерін меңгеру де үлкен маңызға ие.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago