Қоғам

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот жарыссөзінде соңғы сөзін айтқан айыпталушы Дархан Ахметжанов көз жасын ерік берді.

Сот актісі бүгін сағат 16.30-да жарияланады. Сот кеңесу бөлмесіне кетті.

Бұзақылық жасағанымды мойындаймын. Бар ойым үйге жету болатын. Жеп жүрген нанымды адал еңбекпен тауып жүрген қарапайым құрылысшымын. Үш ұл баланың әкесімін. Құрметті сот мырза, осыларды ескере отырып маған берілетін жаза жеңіл болғанын қалаймын және өтінемін. Қайтыс болғандардың туыстарына, бала-шағаларына қайғырып көңіл айтамын. Жарақат алғандардың жазылып кетуін тілеймін. Өзімнің отбасымнан кешірім сұраймын,

деді сотталушы Дархан Ахметжанов.

Бүгін сотталушының анасы да сотта сөз сөйлеп, автобус апатынын зардап шеккен жәбірленуші материалдық шығынды автопарк көтеруі қажет екенін айтты. Сонымен қатар сотталушы кәмелетке толмаған 3 баласы барын ескеруді сұрады.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago