Categories: Қоғам

Алматыдағы үйдің бәрін қашанғы жемқорлар ала береді?

Алматыда 30 жыл бойы тұрса да, әлі басында баспанасы жоқ адамдар бар. Олар өмір бойы пәтер жалдап келеді.

«Алматыда парадокс жағдай орнаған. Алматыдағы адам санынан салынған пәтер саны көп», дейді «Бірге-2021» қоғамдық қорының жетекшісі Дильнар Инсенова ZonaKZ интернет-газетінің журналисі Ботагөз Алдоңғароваға берген сұқбатында.

Маман жағдайды былай түсіндіреді:

Қазақстанда коррупционерлер өте көп. Олардың әрқайсысының әйелдері бар. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген жемқор адамдар Алматыдан 50-70 пәтер алып қояды. Оны тамыр-таныстарының атына жазады. Сол үйлер ғой, өмір бойы жалға беріліп келе жатқан. Міне, парадокс,

дейді ол.

Рас. Алматыда баспанаға өте зәру адамдар үй ала алмайды, есесіне ол үйлерді өзіне бизнес етіп қалталы адамдар алып алған. Таза коррупция жатыр мұнда. Арендадан түсіп жатқан ақшаның бәрі көлеңкеде. Оны ешкім тексермейді.

Менің ұсынысым – өзіне екінші, үшінші баспана алып алғандарға қомақты салық енгізу керек. Бір жемқор, ұры кісінің 150 үйі бар, ал қарапайым халық өмір бойы жұмыс істесе де, Алматыдан баспана сатып алатындай ақша жинай алмайды,

дейді ол.

«Жарайды, біреу адал ақша тауып, баласына деп екінші баспана алсын. Бірақ сол балаға тағы үшінші баспана алып жатса, оған дереу «қой» деу керек. Арендадан түсетін табысынан асып түсетін салық салып тастау керек. Сонда теңдік болады. Баспананың бәрін кім сатып алғаны сонда ашылады. 200, 1000 үйі барлар әлгі үйлерінен құтыла бастайды. Үй бағасы да сонда түседі. Алматыдағы баспана мәселесін шешудің бір жолы осы деп санаймын. Әйтпесе қоғамдағы баспана теңсіздігі ушығып кетті. Бұл ұсынымды қанша рет айтып келсем де, ешкім елемейді. Өйткені шешім қабылдайтын шенеуніктер өздеріне қарсы шешім қабылдағысы келмейді», депті сарапшы.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago