Алматыдағы мектептерге келесі жылдан бастап бөгде адамдар кіре алмайды

Алматының мектептеріне бөтен адамдардың кіріп-шығуына тосқауыл қойылады. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу орындарының кіреберісіне адамның бет-жүзін танитын аппараттар қойылып, бейнебақылау камералары тікелей полицияның жедел басқару орталықтарымен байланыстырылады.

Жаңа жоба келер жылдан бастап қолға алынады. Соңғы кездері қалада көлік саны тым артып кеткендіктен, балалардың өміріне қатысты ата-аналардың шағымы да көбейген. Осы мәселені шешу мақсатында тек қана оқушыларды таситын автобустар жолға шығатын болды. «Мектеп автобусы» жобасы аясында қаладағы сегіз мыңға жуық оқушыны сабаққа апарып-әкелетін көліктер алынып жатыр.

2023 жылдан бастап қаланың 8 ауданындағы 29 мектепте 7,7 мың балаға арналған «Мектеп автобусы» жобасы басталады. Сонымен қатар балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі маңызды басымдық болып саналады.

Заманауи инфрақұрылымды жақсарту арқылы 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік мектеп физика, химия, биология, информатика және робототехниканың жаңа буынының пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етіледі. Тек 2023 жылдың өзінде жаңа модификациядағы 168 шкаф қойылады. Оған жергілікті қордан 2,1 млрд теңге бөлінген.

Келер жылдан бастап мектептерде кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізіліп, «паника түймелері», өту жүйесі (турникеттер), өрт қауіпсіздігі жүйесі, полицияның жедел басқару орталықтарымен біріктірілген бейнебақылау камералары орнатылады. Қаржыландыру көлемі – 4,9 млрд теңге. 2023 жылға арналған бюджет жобасында осы мақсаттарға 1,6 млрд тенге бөлінді.

Биылдан бастап Алматыда бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік жағдайына қарамастан түгелдей тегін тамақтандырылып келеді. Алматыдағы оқушы санының  45%-ға жуығы, яғни 133 мың бала күн сайын тегін тамақ беріледі. Оқушыларды жылдың соңына дейін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлініпті.  Ал өзге облыстарда тек жағдайы нашар отбасылардан шыққан оқушылар ғана ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Білім басқармасының мәліметінше, жыл сайын алматылық мектеп оқушыларының саны орташа есеппен 12-14 мыңға дейін көбейіп отыр. Қалада барлығы 320 453 оқушы оқитын 310 мектеп бар. Олардың 98-і – жекеменшік мектеп. Биыл оқушы орнының тапшылығын азайту үшін 8100 оқушыны қамтитын 5 мемлекеттік мектеп, 2393 орынға арналған 6 жекеменшік мектеп ашылды. Соған қарамастан, оқушылар әлі де мектепке сыймай келеді. Қалада 28 мың балаға мектеп жетіспейді.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен 37 100 орынды қамтитын 22 мектептің құрылысын бастау жоспарланған. Сонымен қатар әкімдік «1000 мектеп» жобасын жүзеге асыруды жалғастырады, оның аясында 2023-2025 жылдар аралығында 27 150 орынға арналған 36 білім беру нысаны (3 мемлекеттік мектеп, 7 қосымша құрылыс, 19 жекеменшік мектеп) пайдалануға беріледі. Осылайша, 2026 жылға қарай оқушы орындарының тапшылығы табиғи деңгейге дейін қысқарады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago