Categories: Қоғам

Алматыдағы шағын аудандардың бірінде бес жылдан бері кәріз жоқ

Алматы орталығындағы 28 мың тұрғыны бар ауданда кәріз жүйесі жоқ. Cоған қарамастан, қалдық суы жүрмейтін құбыр үшін ел қыруар ақша төлеуге мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінген жұмыс 2018 жылы басталған. Бірақ аяқсыз қалыпты. «Шаңырақ-1»-дегі тұрғындар бес жыл бойы кәрізді күтуде. Ал қазулы күйде қалған құдыққа адамдар түсіп кетіп, тіпті бір жан ажал құшқан.

Мердігерлер көшені қазып, аяқсыз тастап кете береді.

Септиктердің біріне бірде бала құлаған. Бақытына орай, құтқарылған. Көше ортасы шұңқыр, шаң-тозаң.

Екі рет қазды,аяқтаймыз деп уәде берді. Бірақ олар мұның бәрін ашық қалдырады да, балалар сол шұңқырларға түсіп кетеді,

деді тұрғын Марал Есполова.

Марал Есполованың алты баласы бар. Біреуінің ерекше қажеттіліктері бар. Айқыш-ұйқыш қазылған жолдың кесірінен мүгедек арбалар үнемі бұзылады екен. Қарттар мен ерекше қажеттілігі барларға өте қиын. 

Ресми түрде тек жұмысшылар бар. Мұның бәрі қашан аяқталады деп сұрасақ, “міне, аз қалды” дейді де, содан кейін жоғалады. Келесі жылы тағы да жаңа жұмысшылар келді, олар да “білмейміз» дейді,

дейді “Шаңырақ-1” тұрғыны.

Белгілі болғандай, бірінші мердігер өзін банкрот деп жариялаған, қазір үшінші мердігер келді, ол бәрін қайтадан бастамақ.

Ескі құбырларды жаңаларына ауыстырдық, өйткені олар біздің жобада жоқ және жарамсыз,

деді мердігер компанияның өкілі Айтуған Асанқұл.

Лас суды сорғызу үшін тұрғындар асенизаторлық көліктерді шақыртады. Сонда да істемей кәріз үшін ақы төлеп жүр.

Кәріз ақысын үнемі ұстап қалады. Егер бас тартсақ, олар суды өшіреміз дейді. Суды өшірсе, қайтпекпіз?! Сондықтан төлеп отырмыз,

деді алматылық Болатбек Омаров.

Маман оны алып тастауға болатынын айтты. 

Кәріз желілеріне төлемді алып тастау үшін Жароков көшесі, 196 мекенжайындағы «Алматы су» МКК-не хабарласып, тиісті өтініш жазу керек. Түбіртек апарыңыз. Содан кейін оны алып тастайды,

деді қаланың энергетика және сумен жабдықтау басқармасының су мен газбен жабдықтау бөлімінің бас маманы Абай Топарбай.

Мердігерлердің айтуынша, кәріз жұмыстары аяқталуға жақын, жұмыстың тек 5%-ы қалды. Абоненттік су құбыры мен кәріз желілерін жеке үйлерге жеткізу кезегі бар. Оларға 10 бригада жұмылдырылған.

Бұл жобада 45 мың шаршы метрге асфальт-бетон жабындысын қалпына келтіру қарастырылған, өйткені бұл жұмыс көлемі бүкіл шағын ауданды қамтымайды. Қалалық ұтқырлық басқармасы ұзындығы 8,5 км жолдардың жаңа құрылысын жүргізуде,

деді Топарбай.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago