Categories: Қоғам

Алматыдағы ыстыққа сауда ойын-сауық орталығы кінәлі — эксперт

Аграрлық эксперт және қоғам қайраткері Кирилл Павлов Алматыдағы «жылы аралдарды» — өсімдік жоқ болғандықтан ауа температурасы айтарлықтай жоғары болатын жерлерді анықтады.

Қазақстанда кейінгі күндері күн қатты ысып кетті. Кейбір өңірдегі термометр бағаналарындағы көрскеткіштердің жоғары болатыны сонша, тұрғындар соған орай ерекше эксперименттер жасап жүр. Мысалы, Түркістанда күйіп тұрған асфальттің үстіне жұмыртқа қуырылды.

Дегенмен мұндай ауа райына табиғат ерекшеліктері ғана себеп емес. Кирилл Павлов «Жылу аралдары» спутниктік деректері талдауын ұсынды. Бұл — метеорологиялық құбылыс, ол қаланың белгілі бір аймағының температурасы жоғарылауынан тұрады. Суретте Алматыда GRAND PARK сауда үйінің аумағында ауа температурасы 48-51°С-қа дейін жеткені көрсетілген.

Фото: Facebook

Есі дұрыс әкім GRAND PARK сауда орталығындағы көгалдандыруға қатысты ойлануы керек. Ерболат Досаевқа осындай жайттарды анықтап, түзету соның міндеті екенін айтатын уақыт жетті,

дейді Кирилл Павлов.

Жылу аралдарында температура жоғары болады, олар қалалардағы жылу толқындарының шамасы мен ұзақтығын арттыра алады. Демек қалада осындай ыстық аймақтар болғандықтан мегаполистің жалпы ауа температурасы көтеріледі.

Айта кетейік, бүгін, 26 шілдеде «Қазгидромет» РМК аптап ыстық пен өте жоғары өрт қаупіне байланысты еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Алматыда термометр +36-38°С дейін көтерілетінін болжады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

5 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

5 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

6 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago