Алқабилер соты алматылық адвокат Айман Асанованы қасақана өлтірген ер адамды кінәлі деп тапты. Алматы соты атышулы іс бойынша сот отырысының аяқталғанын мәлімдеді.
Қылмыстық қудалау органы Н.-ны қасақана кісі өлтірді (ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) деп айыптады. Н. әйелімен үш жыл некеде болған. Некелері бұзылған соң, олардың арасында мүлікті бөлу туралы мәселе шешілмей қалған. Бұл көптеген жанжалдарға және ер адамның әйеліне деген өшпенділігіне себеп болған. 2022 жылдың қазан айының 8-нен 9-на қараған түні Н. бұрынғы әйелін үйінің қасына күтіп тұрған. Әйел бұл мәселені талқылаудан бас тартты. Осыған байланысты бұрынғы ерлі-зайыптылар тағы да жанжалдасып, жанжал кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 рет соққы жасаған. Әйел алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды,
делінген хабарламада.
Ресми деректерге сәйкес, сотталушы әйелін қатты эмоционалды толқу жағдайында өлтіргенін айтып, кінәсін мойындамаған. Прокурор мен жәбірленуші тарап оған қатаң жаза қолдануды сұрады.
Сотталушыға қатысты жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмады, жас балалардың болуы және кінәсін мойындауы жазаны жеңілдететін факторлар деп танылды. Сот сотталушыны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ,
делінген Алматы сотының хабарламасында.
Еске салайық, биыл жазда апелляциялық сот Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 17 мамырдағы үкімін бұзды, оған сәйкес Айман Асанованың бұрынғы күйеуі 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Содан кейін Айман Асанованың бұрынғы күйеуіне қатысты іс жаңа сотқа жіберілді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…