Оқиға

Алматыдағы заңгер әйелдің өлімі: 18 рет пышақтаған күйеуіне қатысты сот үкімі өзгерді

Алқабилер соты алматылық адвокат Айман Асанованы қасақана өлтірген ер адамды кінәлі деп тапты. Алматы соты атышулы іс бойынша сот отырысының аяқталғанын мәлімдеді.

Қылмыстық қудалау органы Н.-ны қасақана кісі өлтірді (ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) деп айыптады. Н. әйелімен үш жыл некеде болған. Некелері бұзылған соң, олардың арасында мүлікті бөлу туралы мәселе шешілмей қалған. Бұл көптеген жанжалдарға және ер адамның әйеліне деген өшпенділігіне себеп болған. 2022 жылдың қазан айының 8-нен 9-на қараған түні Н. бұрынғы әйелін үйінің қасына күтіп тұрған. Әйел бұл мәселені талқылаудан бас тартты. Осыған байланысты бұрынғы ерлі-зайыптылар тағы да жанжалдасып, жанжал кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 рет соққы жасаған. Әйел алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды,

делінген хабарламада.

Ресми деректерге сәйкес, сотталушы әйелін қатты эмоционалды толқу жағдайында өлтіргенін айтып, кінәсін мойындамаған. Прокурор мен жәбірленуші тарап оған қатаң жаза қолдануды сұрады.

Сотталушыға қатысты жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмады, жас балалардың болуы және кінәсін мойындауы жазаны жеңілдететін факторлар деп танылды. Сот сотталушыны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ,

делінген Алматы сотының хабарламасында.

Еске салайық, биыл жазда апелляциялық сот Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 17 мамырдағы үкімін бұзды, оған сәйкес Айман Асанованың бұрынғы күйеуі 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Содан кейін Айман Асанованың бұрынғы күйеуіне қатысты іс жаңа сотқа жіберілді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

7 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

15 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

15 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago