Categories: Оқиға

Алматыда Қытаймен визасыз режимге қарсы шыққандар ұсталды

1 мамыр күні Алматының Горький саябағында митингке шыққан онға жуық адам қамалды. Бұл туралы Азаттық хабарлады. 

Осыған дейін азаматтарды митингке шығуға оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов үндеген. Ол қытай азаматтарының Қазақстанға визасыз кіруіне қарсы болып, Астананы Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымынан және Еуразия экономикалық одағынан шығуға үндеген.

1 мамырдағы акцияға 20-ға жуық адам қатысқан. Полиция қызметкерлері олардың не себептен қамалғаны бойынша мәлімет бермеді.

СІМ «Қазақстан мен Қытай арасындағы виза талаптарын жою жөніндегі келісімге қол қою» жөніндегі заң жобасын қоғамдық талқыға шығарған. 18-19 мамырда Қазақстан президенті Пекинге баратын сапарында аталған жобаға қол қою жоспарланған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago